ТАКСИ ТАСЫМАЛДАУ ТУРАЛЫ

ТАКСИ ТАСЫМАЛДАУ ТУРАЛЫ

Қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жергілікті атқарушы органға такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді.

Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарлама тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға жол берілмейді. Хабарламаны жібермеу Жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Хабарлама Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы арқылы беріледі elicense.kz  «Көлік» бөлімінде.

 

 

«Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын

 үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ