2021 жылдың 16 ақпан күні Денисов ауданының тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тіл курстарының тыңдаушылары арасында Ыбырай Алтынсаринның 180-жылдығы аясында «Даланың дара ұстазы» тақырыбында қызықты сұхбат сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқытушы ұлы жазушы туралы толыққанды мәлімет беріп, «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» тақырыбында дәріс өткізді . Тыңдаушылар бейнероликті қарап, тапсырмаларды орындап, ұлы ұстаз туралы білімдерін жетілдірді.