2021 жылдың 19 ақпан күні Денисов ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әлия Айтмұратқызы Сабитова №3 Денисов орта мектебінің ұжымымен латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Конференцияға қатысушылар жаңа әліпбиге көшу жоспары, жаңа қазақ әліпбиінің диакритикалық нышандары бойынша ақпарат алды.