Қостанай облысында 2021 жылғы 20 ақпандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында 2021 жылғы 20 ақпандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 20 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 69 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,6 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 43 тұрғыны, Рудный қ. - 6, Жітіқара қ. және Әулиекөл ауданында 5 жағдайдан, Лисаков қ. - 4, Алтынсарин ауданында – 3, Денисов ауданында – 2, Амангелді ауданында – 1 жағдай.
49 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 17 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 20 ақпан аралығында COVID-19-дың 11851 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10325.