Мүмкіндігі шектеулі қостанайлықтар үшін мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті

Мүмкіндігі шектеулі қостанайлықтар үшін мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалында хабарлады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаңа қызметтер egov.kz электрондық үкімет порталында қолжетімді.


Бұған дейін онлайн желіде 18 қызмет қолжетімді болса, биылдан бастап egov.kz порталына тағы алты қызмет қосылды.

Қазір ым-ишара тілі маманын ұсыну, жеке көмекшімен қамтамасыз ету, курорттық емдеу, сурдо-тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, мүгедектер арбалары мен протездік-ортопедиялық көмек көрсету қызметтерін онлайн тәртіпте рәсімдеуге болады.

Бұрын қызметтерді алу үшін жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жүгіну қажет еді.«Қызметтерді алуға өтініш беру үшін порталдан тиісті қызмет түрін таңдап, керекті оңалту бағдарламасын көрсету қажет. Содан кейін өтінімнің мәртебесін порталдан қадағалау керек, - деді мемлекеттік корпорация филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева. – Сонымен қатар аталған қызметтерге онлайн сұрау жасау кезінде, дайын құжатты не жабдықтарды үйге жеткізу қызметін таңдауға болады. Қазіргі жағдайда бұл өзекті деп ойлаймын! Үйден шықпай-ақ, денсаулыққа қауіп төндірмей, барлығын онлайн рәсімдеген абзал».