Клуб қызметкерлері арасында короновирустың алдын алуы

Клуб қызметкерлері арасында короновирустың алдын алуы

2021 жылдың 27 қаңтарында аудандық мәдениет үйі Денисов ауданының клуб қызметкерлері арасында короновирустың алдын алуды түсіндіру бойынша ZOOM жиналысын өткізді. Аталған кеңеске Денисов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Шабикова Гаухар Бахиткирейқызы қатысып, Денисов ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды, кезеңдік вакцинация туралы, сондай-ақ қоғамдық орындардағы сақтық шаралары туралы түсіндірді.

Клуб мекемелерінің қызметкерлері вакцинация және вакцинацияның адам ағзасына әсері, COVID-19 ауруының салдары, сондай-ақ аурудың асимптоматикалық ағымы туралы сұрақтар қойып, талқылады.

Аудандық мәдениет үйінің басшысы сөз сөйлеп, барлығына жеке қорғану шаралары, карантин кезіндегі клубтардың жұмыс нысаны туралы еске салып, конференцияның барлық қатысушыларына денсаулық, өздерін және жақындарын қорғауды тіледі.