Қырым ауылдық округінің әкімі М. Б. Ізбасаровтың есеп беру кездесуі

Қырым ауылдық округінің әкімі М. Б. Ізбасаровтың есеп беру кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылғы 22 қаңтарда Қырым ауылдық округінің әкімі М.Б. Избасаровтың Қырым  ауылының тұрғындарымен есеп беру кездесуіне  Денисов ауданы әкіміның орынбасары  Е.Н. Подело, Шаруашылық субъектілерінің басшылары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, полиция бөлімінің бастығы, кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері, Қырым  ауылының тұрғындары қатысты.

Қырым ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы Қырым ауылдық округінің әкімі Марат Базарбайұлы Избасаров баяндады. Сондай –ақ сөз сөйлегендер:

Кенешев Багдат Темирович - учаскелік полиция инспекторы (учаскедегі жедел жағдай және алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы).

Жиынға 87 адам қатысты. Жиын қанағаттанарлық өтті.