«Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі» туралы

«Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі» туралы

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне(бұдан әрі – ВАК шешімі) сәйкес мынадай бірқатар іс-шаралар қабылданды: жол жүру құжаттарының, Шетелдіктің тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының визаларының, Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімі өткен немесе 2021 жылғы 5 маусымға дейін аяқталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылыққа тартылмай кетуіне

2021 жылғы 5 маусымға дейін жергілікті атқарушы орган берген еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты (негіздемесі) немесе өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамасы бар шетелдіктерге болу мерзімдері(визалар, уақытша тұруға арналған рұқсаттар) ұзартылады. Виза, уақытша тұруға рұқсат шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның мәлімделген сапарының мақсатына қойылатын талаптар ескерілмей беріледі; отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында болатын және азаматтығы бар елден құжаттар ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сапарының мәлімделген мақсатына қойылатын талаптар ескерілмей беріледі; еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру-ұзарту, қайта ресімдеу туралы өтініш жасағандарға ресімдеу "Халықтың көші-қоны туралы" ҚРЗ 43-1-бабының 2-тармағының талаптары ескерілмей жүзеге асырылады (еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үздіксіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.). Қазақстан Республикасының аумағында 1 жылдан астам еңбек көшіп келушілеріне елден шықпай-ақ бастапқы еңбек патенттері мен ЛШТ ресімдеу үшін жүгіну ұсынылсын, бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалдарын хабардар етсін. Елде одан әрі болу үшін заңды негіздер (жұмысқа рұқсат (негіздер), отбасын біріктіру үшін) болмаған кезде шетелдіктерге, оның ішінде үшінші елдер арқылы кету мүмкіндігін пайдалана отырып,жақын арада (10-15 күннен аспайтын) азаматтық немесе басым тұратын елге баруды ұсынуға.

Көші-қон қызметінің аға инспекторы

Денисов ауданының ОП

полиция капитаны Г. С. Сарин