
Бүгін Денисов ауданында мәдениет, білім беру саласының қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының мамандары үшін этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Кездесуді дін және этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Руслан Мурзагалиев өткізді.
Семинарда практикалық жұмысқа ерекше назар аударылды. Қатысушылар спикермен бірге нақты кейстерді талқылап, ықтимал жанжалды жағдайларды дер кезінде анықтау, дұрыс диалог құру және олардың шиеленісуіне жол бермеу жолдарын қарастырды. Әрбір жағдай бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Мұндай формат қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Олар талқылауға белсенді қатысып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін жағдайларға қатысты сұрақтарын қойды.
Бүгінде адамдармен жұмыс істейтін мамандар үшін ақпаратты білу ғана емес, оны тәжірибеде дұрыс қолдана білу, өзара құрметке негізделген диалог пен қоғамдағы келісімді сақтау да маңызды.
Іс-шара Денисов ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған жоба аясында жүзеге асырылды.