Әлеуметтік қызметтер порталы

Әлеуметтік қызметтер порталы

Қазақстан Республикасында 2020 жылы мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленген әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Мүгедек адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету-протездік-ортопедиялық құралдар, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беру. . Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері кіреді. Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады. Әлеуметтік қызметтер порталына ЭЦҚ болған жағдайда немесе өтініш берушінің телефон нөмірі азаматтардың мобильді базасында тіркелген жағдайда кіруге болады.

Порталға толық көшу 2021 жылға жоспарланған.