ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – 2026 байқауы

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – 2026 байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға конкурсқа өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
🏆 ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – қоғамдық маңызы бар әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан елеулі үлесі үшін берілетін ақшалай сыйақы. 2017 жылдан бері 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегері атанды.
📌 Сыйлықақы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар және үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар туралы» Заңының 5-бабына сәйкес 16 қоғамдық маңызы бар бағыт бойынша табысталады. Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 шілде – 1 қыркүйек (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін).
✅ Байқауға:
* Қазақстан Республикасында тіркелген;
* 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерін ұсынған;
* соңғы үш жыл ішінде Сыйлықақы иегері болмаған ҮЕҰ қатыса алады.
📧 Өтінімдер premiya2026@cisc.kz электрондық поштасына (PDF форматында) немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс.
📞 Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.
📄 Сыйлықақы тағайындау қағидалары: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041