
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздің бірлігін, жасампаздығын және сенімді дамуын білдіреді.
Астана – тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесіне айналған, маңызды мемлекеттік реформалардың, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктердің орталығы.
Биыл Астана күні ерекше мәнге ие. Себебі бұл мереке Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.
Ата Заң – мемлекетіміздің берік негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдық келісімнің, заң үстемдігінің және еліміздің тұрақты дамуының басты тірегі.
Бірлігімізді сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарап, Отанымыздың болашағына ортақ жауапкершілікпен қарай отырып, ауданымыздың дамуына және Қазақстанның өркендеуіне алдағы уақытта да лайықты үлес қосамыз деп сенемін.
Әр шаңыраққа тыныштық, бақ-береке мен молшылық, әр отбасына зор денсаулық, бақыт және ертеңгі күнге сенім тілеймін.
Елордамыз әрдайым жаңа жетістіктерге жетелеуші күш болып, Қазақстан Республикасы қуатты, табысты әрі гүлденген мемлекет болып дами берсін.
Мереке құтты болсын! Қазақстан Республикасының Астана күні құтты болсын!