2020 жылғы 16 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 57 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылықтың өсу қарқыны тәулігіне 1,3% - ды құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 27 адам, Рудный қ. – 9, Қарабалық ауданында – 7, Жітіқара ауданында – 5, Алтынсарин ауданында – 3, Сарыкөл ауданында – 3, Әулиекөл ауданында – 1, Қостанай ауданында + 1, Қарасу ауданында – 1.
41 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 7 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғасын тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 34 адамда ауру белгілері болды, 23 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 16 қараша аралығында COVID-19-дың 4372 жағдайы тіркелді, 3381 адам емделіп шықты