Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

Сіздерге 2025 жылдың мамырынан 2026 жылдың маусымына дейінгі кезеңге, 20 маусымға дейін, ауылдық округтер мен селолардың әкімдіктерінде, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болатын ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын өткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі болып табылады, ол тікелей ұйымдардың өздерімен қоғамдық өкілдер мен сарапшыларды тарту арқылы жүргізіледі.

Талдау барысында профильдік заңнамада және ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметте әртүрлі коррупциялық тәуекелдер анықталады, оған персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржылық- шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру және т.б. мәселелері жатады.

Егер сізде аталған ұйымдарда коррупцияға қарсы іс-қимылға қатысты ұсыныстарыңыз немесе сіз білетін коррупциялық тәуекелдер туралы мәліметтеріңіз болса, оларды s.sabitova@kostanay.gov.kz электрондық поштасына «Ішкі талдау бойынша ұсыныстар» тақырыбымен жібере аласыз.