ОБЛЫСТА «ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» АНЫҚТАЛАДЫ

ОБЛЫСТА «ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» АНЫҚТАЛАДЫ

Өңірде «Патриот – 2026» байқауы басталды. Бұл атаққа лайық әрбір азамат қатыса алады.

Байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналады. Осы күні шынайы патриоттарды марапаттау және құрметтеу рәсімі өтеді.

Байқаудың мақсаты — белсенді азаматтық ұстанымы бар, жоғары кәсібилік танытқан және қоғамның дамуына үлес қосқан азаматтарды анықтау және ынталандыру, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету құндылықтарын насихаттау.

Айта кету керек, байқау «Адал азамат» қағидаттарын нығайту және патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені аясында өткізіледі.

Үміткерлер 8 номинация бойынша іріктеледі:

  1. «Медицина» — денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
  2. «Білім беру» — білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін беріледі.
  3. «Ғылым» — ғылыми қызметтегі жетістіктері және өңірдің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
  4. «Спорт» — дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
  5. «Мәдениет» — мәдениет пен өнерді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін беріледі.
  6. «Меценаттық» — қайырымдылық және әлеуметтік қолдау арқылы қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
  7. «Ауыл адамы» — ауылдық аумақтарды дамытуға және ауылдағы өмір сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін беріледі.
  8. «Еңбек адамы» — адал еңбегі және экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Азаматтар байқауға өздері өтінім бере алады немесе оларды ұйымдар мен ұжымдар ұсына алады. Ең бастысы — үміткер осы атаққа лайық болуы тиіс, ал өңірімізде мұндай азаматтар өте көп.

Айналаңызға қарап, патриоттың есімін атаңыз.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 24 мамырға дейін қабылданады:

         - электрондық пошта арқылы: grin_kost@mail.ru  «Патриоттар байқауы – 2026» белгісімен;

         -   онлайн-форма арқылы: https://forms.gle/9c1pxEJUGgVHsf3C9