
2026 жылғы 1 сәуірде сағат 14:30 – 18:30 аралығында "Қазпочта АҚ Қостанай ОФ Денисов ҚПБТ (Денисовка ауылы, Калинина к-сі, 4) және «Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Автомобилист» стадионы» КММ аумағында (Денисовка ауылы, Кавказская к-сі, 30А) Денисов аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Денисовка-Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Денисов аудандық жедел штабы