Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың басталуы туралы тыңдаулар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың басталуы туралы тыңдаулар

30 наурыз күні аудандық әкімдік ғимаратында дөңгелек үстел форматында «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды және Денисов ауданындағы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды ресоциализациялау және оңалту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асырудың басталуы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті (бұдан әрі – Жоба).

Аталған іс-шараға прокуратура, тапсырыс беруші, мансап орталығы, пробация қызметі, жастар орталығы өкілдері, сондай-ақ Денисов ауданындағы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар қатысты.

Қызмет көрсетуші Абилова Гульнара Барлыққызы жоба аясында жоспарланған іс-шаралар туралы қатысушыларды хабардар етті.

Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға келесі қызметтер көрсетіледі: құжаттарды алу және қалпына келтіруге жәрдемдесу, тұрғын үйді жалға алуға көмек (1 айдан 3 айға дейін), медициналық мекемеге тіркелуге жәрдемдесу, жұмысқа орналасу үшін медициналық тексеруден өту, жүргізуші куәлігін алу үшін (075 анықтама) медициналық тексеруден өту, жұмысқа орналасу және жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеру (анықтама) құнын төлеу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған, төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін жеке куәлік дайындауға мемлекеттік бажды және/немесе айыппұлды төлеу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету (кеңестер).

Техникалық ерекшелікке сәйкес келесі іс-шаралар өткізіледі: дойбы, шахмат, дартс турнирлері, психологтың қатысуымен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды ресоциализациялау және оңалту, олардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел, мәдени іс-шаралар (мұражайға, кітапханаға бару, презентациялар), «Антитеррор», «Алаяқтық», «Экстремизм және терроризм», «Салауатты өмір салты туралы» тақырыптарында әңгімелер.

Жоба психологы Колмакова Светлана Михайловна бейімделу деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, кейіннен талдау жасап, бейімделу мәселелерін айқындады.