
2026 жылғы 11 наурызда Е.Н.Подело Денисов ауданы әкімінің орынбасары төрағалығымен дербес бөлімдер басшыларының, селолық округтер мен селолар әкімдерінің, сондай-ақ бас мамандардың қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында қаржылық құжаттарды қалыптастыру, бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау кезінде заңдылықты сақтау, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар мәселелері бойынша Денисов ауданы прокуратурасының ұсынысы, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды.