
Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға арналған конкурсқа қатысу үшін шарт болып табылады.
Сонымен қатар, ҮЕҰ дерекқорында болу ұйымдарға қазақстандық ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен әріптестікке мүмкіндік береді. 2026 жылы үкіметтік емес ұйымдар мәліметтерді (2025 жылғы есеп) https://esep.govtec.kz/npo порталы арқылы тапсыруды жүзеге асыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы деректерді өткен 2025 жылғы «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсыну кезеңі 2026 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады.