Денисов аудандық ауруханасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Балабай Н.А. денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен терроризм және діни экстремизм идеологиясының жағымсыз мәнін талқылауға арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында аталған идеологиялардың діни және гуманистік құндылықтарды бұрмалап, зорлық-зомбылықты ақтайтыны, және қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретіні атап өтілді.
Ешбір дін экстремизмге үндемейді, ал радикалды ағымдар сенімді манипуляция құралы ретінде пайдаланады. Денсаулық сақтау қызметкерлері терроризм және діни экстремизм идеологиясының алдын алуда маңызды рөл атқарады, өйткені олар халықпен күнделікті қарым-қатынаста болып, психологиялық қолдау көрсетеді, алаңдататын белгілерді ерте анықтауға және сенім қалыптастыруға ықпал етеді. Олардың қызметі гуманизм, төзімділік және әлеуметтік тұрақтылық құндылықтарын нығайтуға көмектеседі.