Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісім

Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісім

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендік алған сәттен бастап демократиялық мемлекет құруға, әлеуметтік әріптестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағыт алды.

Қазақстанда жалпы азаматтық сананың, дәстүрлі қазақ ділінің және басқа халықтардың ұлттық сана-сезімінің ерекшеліктерін біріктіретін этносаралық және дінаралық қатынастардың органикалық жүйесі қалыптасты.

Қазақстан Республикасының халықтары бір-бірімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар: саяси демократия, құқықтық және әлеуметтік әділеттілік нормалары, терең діни құндылықтар, жоғары адамгершілік мұраттар жүйесін үйренеді.⠀

Этностық қатыстылығындағы, діни сеніміндегі, саяси көзқарастарындағы барлық айырмашылықтарға қарамастан, Қазақстан азаматтары руханилық, адамгершілік, мәдениет, заңдарды құрметтеу және қастерлеу - қоғамның тұрақты дамуының негізі деген пікірде.

Бұл ретте мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мемлекет саясатының басты басымдықтары, бірінші кезекте, әрбір азаматтың ар-ождан бостандығына, Қазақстан Конституциясымен кепілдік берілген құқығын және еліміздің заңнамасынан туындайтын діни сенім бостандығын қамтамасыз ету           болып табылады.

"Sanaly urpaq – 2050" ҚҚ  "Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Денисов ауданының тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту" жобасын іске асыру шеңберінде