Денисов ауданының тұрғындары мен сол аумақта тұрған шетелдік азаматтарға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шекара аймағына кіруге рұқсаттың күшін жою туралы ақпарат алу үшін.

Денисов ауданының тұрғындары мен сол аумақта тұрған шетелдік азаматтарға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шекара аймағына кіруге рұқсаттың күшін жою туралы ақпарат алу үшін.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 597 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылды:

1) «шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 302 бұйрығы;

2) «шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 500 бұйрығы.

Осыған байланысты, «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік қызметін қайтарылды.

Бұл ретте, «Мемлекеттік шекара туралы» Заңның 40-бабының 2-тармағы, 41-бабының 1-тармағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылатыны, шекаралық аймақта жүрген адамдардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары үнемі болуы тиіс екені ескерілсін.

Сондай-ақ, осы заңның 59-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шекара аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәліктерін беруді бақылау мен тәртібін айқындайды.

Шекаралық аймақта шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (ҚР ӘҚБтК-нің 510-бабы) кодексте тиісті санкциялар қарастырылған.