Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады.

ХҚО арқылы:
1. ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
2. Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
3. Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

Мобильді топты шақырту арқылы:
1414 бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

Сізге қажетті құжаттар:
1. Жеке басыңыздың куәлігі;
2.Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
3. Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
4. Мүгедектігі жайлы куәлік;
5. Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
6. Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.