Денисов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Денисов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Құрметті Денисов ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың «10» шілде күні аралығында Денисов ауданы Денисовка ауылында, Денисов аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Денисов-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.
Атқарылатын оқу - жаттығуларға байланысты көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылады.
Іс-шараның мақсаты құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Терроризмге қарсы Денисов аудандық жедел штабы