«ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидалары» туралы ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін хабардар етеді.
Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын кейіннен өткізуге союлуы тек мамандырылған, талаптарға сәйкес келетін сою алаңдарында, сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Егер ауыл шаруашылығы жануарлары үй алдында, қора артында, үйдің ішінде немесе тағыда басқа мамандырылмаған жерлерде сойылса кейіннен өткізуге тыйым салынады.
Өзінің мұқтаждары үшін ауыл шаруашылығы жануарларын аулада немесе мамандырылмаған жерде сою рұқсат. Малды сойып болғаннан кейін өз қажеттілігіне сойылған мал туралы ауылдың мал дәрігеріне хабарлау қажет. Бұл АШЖБ дерекқорынан шығару үшін қажет.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдер (ет, сүт өнімдері, бал және балық) және ауыл шаруашылығы жануарлары ветеринарлық ілеспе құжаттармен тасымалдануы тиіс (№1, №2 нысанындағы ветеринариялық анықтама және дезинфекция актісі), сондай-ақ, ветеринариялық зертханада ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілгеннен кейін міндетті сараптама актісі (сынақ хаттамасы) болуы қажет.
Толығырақ ақпарат алу үшін Сіз Денисов а., Калинин к., 58 мекен-жайында орналасқан ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Денисов аудандық аумақтық инспекциясына жеке барған кезде немесе 2-11-48, 2-18-71 телефон бойынша хабарласа аласыз.