2025 жылғы 25 маусымда Денисов ауданының әкімдігіне атқарушы органдарда және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Жария талқылауға аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық Қоғамдық кеңестің өкілі, "АMАNАТ "партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Денисов аудандық филиалының өкілі, Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасы Денисов аудандық филиалының директоры қатысты.
Атқарушы органдардың басшыларын аудан әкімдігі және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың нәтижелері туралы тыңдады. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көрсетілген анықтамалар қоғам өкілдерінің ерекше назарын аударды. Олар анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына және оларды жою бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанына қызығушылық танытты.
Тыңдау соңында аудан әкімдігінің басшылығы тыңдауға қатысқан аудан жұртшылығы өкілдеріне алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарға жәрдемдесуге үміт білдірді.