2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы

2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы

2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 1 557,4 млн. теңге болатын 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобаны іске асырудың басым міндеттерінің бірі перспективалы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту болып табылады. Бұл жоба ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізуге бағытталған.

         2024 жылы Денисовка ауылында «Денисов ауданында «Автомобилист» стадионын қайта жаңарту» екі жылдық жобасын іске асыру басталды, жобаның жалпы құны-701,9 миллион теңге (2025 жылы - 625,6 млн. теңге), мердігер «Ertis Art Servis» ЖШС. Сыртқы жарықтандыру жұмыстары аяқталды, діңгектер орнатылды, душ және киім ауыстыратын бөлмелер ғимаратына жөндеу жүргізілді, қоршау жұмыстары жүргізілді, хоккей корты орнатылды, аумақты абаттандыру жұмыстары басталды, жүгіру жолының, баскетбол және волейбол алаңдарының асфальт жабыны және трибуналар орнатылды. Хоккей кортының қаңқасын қаптау жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Фрунзенское ауылындағы Пролетарская көшесі, 19 мекенжайындағы балабақшаға 447,7 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Мердігер — "Актив-А" ЖШС. Қазіргі уақытта гипсокартоннан қалқалар орнату, әрлеу жұмыстары, қасбетті жылыту, кабель төсеу жұмыстары жүргізілуде, бүкіл периметр бойынша қоршау орнатылды, санитарлық тораптарда керамикалық плитка төсеу, су құбыры мен кәріз құбырларын төсеу жұмыстары атқарылуда.

         Орташа жөндеу жұмыстары басталды:

- Антоновка ауылына кіреберіс жолын (0,73 км) орташа жөндеу, (мердігер «СтройКомГруп» ЖШС), құны – 38,7  млн. теңге;

-  Антоновка ауылындағы (2,55 км) Набережная, 0-1,9 км, Степная 0-0,65 км көшелерін (мердігер «Қамысты Строй Сервис»), жалпы құны – 135,5 млн. теңге;

 - Әйет ауылындағы  Клубная көшесін(1,089 км) және  Степная (0,59 км)  көшелерін (мердігер «Вектор 1» ЖШС), жалпы құны – 137,9 млн. тенге;

- Қырым ауылындағы  Майская (1,1 км) және Ленин (0,52 км) көшелерін  (мердігер «Вектор 1» ЖШС), жалпы құны – 80,3 млн. тенге  

- Денисов ауданы Заәйет ауылындағы  Дорожная көшесін орташа жөндеу-1,515 км - 90,7 млн. теңге. Жоғарыда аталған нысандарда дайындық жұмыстары жүргізілуде: құрылыс материалдары мен қиыршық тастар жеткізілуде, ресайклинг, жол төсемесін грейдерлеу және негізін катоктармен тығыздау жұмыстары орындалды.