«Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды

«Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бәйтерек» холдингі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.

Бағдарлама микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған. Несиелеудің басым бағыттары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтауы.

Бағдарламаның негізгі шарттары:
▫️ сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды;
▫️ несие сомасы – инвестициялық мақсаттар үшін 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңгеге дейін;
▫️ қаржыландыру мерзімі:
— инвестициялық мақсаттар үшін – 10 жылға дейін;
— айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылға дейін;
— қайта қаржыландыру үшін – қаржыландырылып жатқан қарыздың қалған мерзіміне дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген несиелерге қатысты).

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі, Forte bank және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.