Сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде төрт сайлау округі бойынша Денисов ауданының ауылдық округтер әкімдерінің сайлау өтті.

Денисов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Денисов ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Аршалы сайлау округі

Аршалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 756 азамат енгізілді, олардың 647-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 53.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Досымов Б.Ж. – 330; Ермағамбетов Н.С. – 249.

Аршалы ауылдық округінің әкімі болып Досымов Бақытжан Жианшанұлы сайланды, 1964 жылы туған, Аршалы ауылдық округінің әкімі, Денисов ауданы  Денисовка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Красноармейск сайлау округі

Красноармейск ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1150 азамат енгізілді, олардың 943 -ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Баимбаев Ж.Б. – 129; Хлебников А. К. – 782.

Красноармейск ауылдық округінің әкімі болып Александр Константинович Хлебников сайланды, 1963 жылы туған, Красноармейск ауылдық округінің әкімі, Денисов ауданы  Фрунзенское ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Покров сайлау округі

Покров ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 338 азамат енгізілді, олардың 284-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 20.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұматаев Е.Б. – 53; Саркетов Т. Б. – 202.

Покров ауылдық округінің әкімі болып Саркетов Талғат Байзақұлы сайланды, 1977 жылы туған, Денисов ауданы ПБ көші-қон қызметі тобының жетекші маманы, Денисов ауданы  Антоновка ауылында тұрады, «Қазақстанның «Ақ ЖОЛ» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Тельман сайлау округі

Тельман ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1029 азамат енгізілді, олардың 751-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 46.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бермұхамбетов Е.У. – 260; Дабылов А. М. – 428.

Тельман ауылдық округінің әкімі болып Дабылов Арман Мырзағұлұлы сайланды, 1993 жылы туған, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Денисов ауданы Антоновка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Денисов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Денисов ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Денисов аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындысы бойынша хабарлама
Дата публикации
27 июля 2021