"Таза Қазақстан" акциясы

"Таза Қазақстан" акциясы

Аршалы ауылдық округінде ауылішілік және ауылдар арасындағы жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара аясында жол қызметінің мамандары қар үйінділері мен мұз қатқан учаскелерді дер кезінде тазалап, тұрғындар мен көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті. Жолдарды тазарту арнайы техниканың көмегімен жүргізілді. Бұл жұмыстар қысқы кезеңде тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасап, елді мекендердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.