"Таза Олке" акциясы

"Таза Олке" акциясы

«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға Аршалы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар үйлері мен қоғамдық аумақтарды ретке келтіріп, қоқыс пен құлаған жапырақтарды алып тастап, айналаны абаттандырды. Мұндай бастамалар халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаға деген қамқорлықпен қарауға ықпал етеді.