2026 жылғы 26 қаңтарда әкімдік ғимаратында Әйет ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2025 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заң бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға заңның негізгі ережелері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектісі ретінде жергілікті атқарушы органның құзыреті туралы ақпарат жеткізілді. Кездесуге қатысушыларға заңнаманы сақтаудың, құқық бұзушылықтың алдын алудың және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықтың жергілікті билік органдарымен белсенді өзара іс-қимылының маңыздылығы еске салынды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсініктеме алды.
