Денисов ауданының әкімі Қатпаев Руслан Жұламанұлының халықпен кездесуі

Денисов ауданының әкімі Қатпаев Руслан Жұламанұлының халықпен кездесуі

2025 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Денисов ауданы білім бөлімінің «Заәйет негізгі орта мектебі» КММ-де Денисов ауданының әкімі Қатпаев Руслан Жұламанұлының халықпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар білім беру, абаттандыру, инфрақұрылым және әлеуметтік сала бойынша сұрақтар қойып, тиісті түсіндірмелер алды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, халық пен аудан басшылығы арасында сындарлы өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік берді.