1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

🔸Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтты.

🔹Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі.

Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

🔸Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

🔹Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

🔸Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.

🔹Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.