Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады, бұл жұмыс жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі.
2023 жылы Лисаков қаласының аумағында спирт өндіретін зауыт - инвестициялық жоба шеңберінде іске асырылатын «Asia Alko» ЖШС іске қосылды. Өндірілетін өнім стандарттар талаптарына сәйкес келеді және медициналық, ветеринариялық, санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық қажеттіліктерді қоса алғанда, әртүрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта кәсіпорын дайын өнімді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінде сатуда қиындықтарға тап болып отыр.
Мемлекеттік сатып алу сайтын зерделеу нәтижелері бойынша спиртті облыстың көптеген мекемелері мен ұйымдары, соның ішінде коммуналдық кәсіпорындар, медициналық мекемелер, сондай-ақ әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымдар сатып алатыны анықталды.