Президенттік Жастар кадрлық резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін әлеуметтік лифт болып табылатын жария бастамаларының бірі.
2025 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін.
Іріктеуге: В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген жоғары білімі және жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
3) ситуациялық есептерді шешу;
4) құзыреттілікті бағалау;
5) резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
6) Ұлттық комиссия отырысында сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды қарау.
Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тілден емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаты.