Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу

Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу

Өтешұғыл!!!
Қазіргіуақытта"What'sApp" мессенджерінезаңсызқолжеткізу
фактілеріжиілепкетті,зардап шеккендердіңатынанбарлық
контактілерге ақша қаражатын қарызға берутуралыөтініштаратужүзеге асырылып,бұлреттебелгісіз тұлғалардыңбанктікшоттарының
деректемелері көрсетіледі

Зиянкестер зиянды сілтемені пайдаланып, көрсетілген
сілтеме арқылы өткеннен кейін олардың "What's App" жеке жазбасынақолжеткізетіні анықталды.Осығанбайланысты,біз
азаматтарды, мысалға, жүлделер ұтыс ойыны,балаларғадауысберу,кез
келгентақырыпбойыншасауалнама және т.б. түрінде таратылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондайақешбіржағдайдаөздерініңжеке деректерін енгізбеуге ескертеміз"

Егер сіз күдікті сілтеме арқылы кездейсоқ өтіп кетсеңіз, "What' s App" жазбаңызға кіріп "Баптаулар" қолданбасына өтіп, "Құрылғы байланыстыру" батырмасына өту арқылы тексере аласыз. Егер осы қойындыда белгісіз құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз.

Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін
екі сатылы растау батырмасын қосыңыз.
Сондай-ақ, егер сіз осындай түрдегі таныстарыңыздан ақша қаражатын қарызға алуды сұрайтын хабарлама алсаңыз, оны жібермес бұрын досыңызға қоңырау шалып, ақшаның қажеттілігіне көз жеткізуіңіз керек. Сіздің қауіпсіздігіңіз тек сізге байланысты екенін есте ұстаған жөн!

Астаны қаласы полиция Департаменті