9 мамыр күні Әйет ауылының тұрғындары жеңімпаздардың ерліктеріне құрмет білдірді.

9 мамыр күні  Әйет ауылының тұрғындары жеңімпаздардың ерліктеріне құрмет білдірді.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы Жеңіс ұмытылмайды" атты салтанатты іс-шарасы аудан орталығында өтті. Мерекелік рәсім театрландырылған қойылымнан басталды. Еске алу қабырғасының аясында прологқа қатысушылар соғыс жылдарында болған атмосфераны қалпына келтірді. Сахналар бірінен - бірі көрсетіле бастады:-1941 жылғы түлектердің вальсі және қазақстандық Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев және жерлесіміз Сейтхан Темірбаев сынды Қаһармандармыздың бейнелері ұсынылды. Театрландырылған прологтың әсерлі сәттерінің бірі қыздардың пенжек киген биі және сарбаздың кездесуі, бір минут үнсіздік және дүркін болды. Көптеген көрермендер, және де қатысушылардың өздері көз жасын тыймады.
Аудан әкімінің құттықтауымен іс-шара жалғасты. Қайсар Мыржақыпов өз сөзінде 9 мамыр біздің жүрегімізді ең әсерлі сезімдер – қуаныш пен қайғыға, жанашырлық пен тектілікке толтыра білген қасиетті де, мәңгі күн. Сондықтан біз мұра боп қалған халықтың татулығын, келісімі мен бірлігін бағалаймыз және сақтаймыз деп атап өтті Қ.Мыржақыпов.
Жиналғандарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова құттықтады. Олар біздің республикамызға бейбітшілік, өркендеу, әр отбасына береке мен келісім тіледі. Еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойғаннан кейін іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.