«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы қаулысына сәйкес елімізде адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіледі. Қатысуға Бейімбет Майлин ауданында тұратын, мүшелері жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік жетістіктері бар отбасылар шақырылады.

Ағымдағы жылы «Мерейлі отбасы» екі кезеңде өтеді: аудандық / қалалық және облыстық деңгейлерде. Конкурстың аудандық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін қажетті құжаттармен қоса нысан бойынша беріледі. Барлық сұрақтар бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Тәуелсіздік көшесі, 60, 28 кабинет, тел. 36293, e-mail: politika81@mail.kz .