30 сәуір күні Әйет ауылындағы аудандық мәдениет үйінде
"Достық шаңырағы" атты мерекелік іс-шара өтті. 7 ұлттық мәдени орталық биыл өзінің 30 жылдығын атап өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының көркем бейнесіне айналды. Мерекеге қатысушылар мен қонақтар дәстүрлі мәдениет, тұрмыс, дәстүрлер, киім-кешек пен зергерлік бұйымдармен, әрбір этностың бірегей дүниетанымымен танысуға мүмкіндік алды. Мереке көрермендер залында жалғасты.
Іс-шара басында аудан әкімі Мыржақыпов Қайсар Батырханұлымерекенің қазақстандықтардың бірлігін қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Мереке концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ән, музыка және би коллейдоскопы көрермендерді этностардың тарихы мен мәдениетімен тағы бір рет таныстырды.
Іс-шараға қатысушылар мен көрермендер Қазақстан халқының бірлігі күні - адамдарды біріктіруге арналған жасампаз мереке екендігін атап өтті. Біздің еліміздің басты жетістігі-барлық ұлттардың достығы мен бірлігі.