25 сәуір күні аудандық мәдениет үйінің сахнасында "Ах, қандай әйел!" сайысы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды. Сахнағы 60 және 80 жас аралығындағы
7 қатысушы шықты. Олардың барлығы ауданның түрлі ауылдық округтерінің тұрғындары. Іс-шара барысында байқауға қатысушылар өздері туралы айтып, түрлі таланттарын ұсынып, кешкі киімдерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар түрлі номинациялардың иегерлері атанды. Жеңімпаз дипломымен Байшуақ ауылының тұрғыны Раиса Маликовна Ижбульдина марапатталды.