
Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 27 наурызда ауданның мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ауылдық округтерінің мамандары үшін прокуратура органдары мен полиция бөлімінің қатысуымен семинар өткізілді. Бұл семинарда алаяқтық пен қаржы пирамидаларының алдын алу, атап айтқанда «Asar Baspana» фанан пирамидасының қызметінің алдын алу мәселелері қаралды. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қаржы пирамидаларына қатысуға, жаңа қатысушыларды тартуға, сондай-ақ тез пайда табуға уәде беретін тексерілмеген қаржы ұйымдарының оң бейнесін жасауға жол бермеу туралы ақпарат жеткізілді. Сондай ақ ауылдық округ әкімдеріне мүліктік құқық бұзушылықтарға төзбеушілік жасау мақсатында жергілікті тұрғындардың назарына алынған ақпаратқа нұсқау берілді және жеткізілді.