«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсету процедурасы

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсету процедурасы

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсету процедурасы

Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдау басталғанға дейін алдын ала, кемінде 2 (екі) жұмыс күні, аумақтық бөлімшенің кеңсесі не портал арқылы экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беруге, "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 талаптарға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады. Дайын сүт, май және балық өнімдерін қоспағанда, бұл өнімдерге ветеринариялық сертификат алуға өтініш тасымалданатын күні нысан бойынша ұсынылады.
       Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері: "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін).
Ветеринариялық сертификат алу процесінің сипаттамасы мен нысаны:
1)Экспортау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беруге өтініш;
2)Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының өкілі тапсырған кезде) (сәйкестендіру үшін);
3)Жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты, азықтарды ("Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген) Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" символымен белгіленген өнімдерді қоспағанда) тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) оны берген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаны әкету (экспорттау) үшін пайдалануға мынадай жағдайларда жол беріледі: өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген өнімді мониторингтік зерттеу жоспарының (бұдан әрі – мониторинг жоспары) болуы;
4)Иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;
5)Ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Ветеринариялық сертификат өтініш түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі. Дайын сүт, май және балық өнімдерін қоспағанда, бұл өнімдерге ветеринариялық сертификат өтініш түскен күні беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1. Өтініште көрсетілген мәліметтерді ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігіне тексереді;
2.Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкету кезінде үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде экспорттаушы елде қабылданған талаптар мен қағидаларға сәйкестігін тексеруді және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалауды жүргізеді:
3.Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық сертификат – ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді;
4.Дайындалған ветеринариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің кеңсесіне береді;
5.Аумақтық бөлімшенің кеңсесі ветеринариялық сертификатты қызметті алушыға береді.

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы» ММ-де алуға болады. Инспекцияның орналасқан мекен-жайы: Әйет селосы, Тәуелсіздік к-сі, 12 тел: 8(71436)3-72-02,