Мамыр айы әрқашан ауқымды бағдарламалардан бастау алады. Дегенмен, биылғы жылы қазақстандықтар су тасқыны орын алған аймақтардағы жерлестердің көңілдеріне құрметпен қарап, мерекені қарапайым түрде өткізуге шешім қабылдады.
Әйет ауылының Аудандық мәдениет үйінде 30 сәуір күні "Бірлік бар жерде - тірлік бар"атты мерекелік іс-шара өтті. 7 ұлттық мәдени орталық Қазақстан халқы Ассамблеясының іске асуын жүзеге асырды. Мерекеге қатысушылар мен қонақтар дәстүрлі мәдениетпен, тұрмыспен, дәстүрлермен, киім-кешек пен зергерлік бұйымдармен, әрбір этностың бірегей дүниетанымымен танысуға мүмкіндік алды. Мереке көрермендер залында жалғасты.
Іс-шара басталар алдында аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ибраев бүгінгі мерекенің қазақстандықтардың бірлігін қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Ауданның ең белсенді интернационалды отбасылары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін бірқатар мекемелер атап өтілді.
Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты. Ән, музыка және би коллейдоскопы көрермендерді этностардың тарихы мен мәдениетімен тағы бір мәрте таныстырды.
Іс-шараға қатысушылар мен көрермендер атап өткендей, Қазақстан халқының бірлігі күні — адамдарды біріктіруге арналған атаулы мереке. Біздің еліміздің басты жетістігі-барлық ұлттардың достығы мен бірлігі.