Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.

Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.

Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.

Таңертеңнен бастап Әйет ауылының орталық алаңында мерекелік көңіл-күй мен ұлттық тағамдардың хош иісі естіліп жатты. Ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін театрландырылған қойылым, ұлттық тағамдардан дәм-тұз, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, спорттық сайыстар әзірленді.
Аудан әкімдігінің алдындағы алаңда халықтық мереке «Ұлыстың ұлы күні» атты театрландырылған көрініспен басталды. Наурыз мерекесін бейнелейтін өзіндік кейіпкерлері бар – олар Жер Ана, Қыдыр-Ата – мифтік рух, жаңа өмірдің, жаңару мен ұзақ өмірдің символы, сондай-ақ Көктем – жас көктем мен Наурыз – келе жатқан жаңа жыл. Наурыздың 22-не қараған түні шығыс халықтары оның келуін күтуде, бұл жолы «Қасиетті түн» деп аталады. Дәстүр бойынша жыл сайын 22 наурыз күні дәл осы кейіпкерлер ауданның бас алаңына Майлин ауданының тұрғындарын табиғаттың жаңаруымен құттықтайды. Мереке Қыдыр атадан бата алудан бастау алады.
Қойылым барысында қыз-келіншектер жиналғандарға тәттілер, бауырсақ, наурыз көже ұсынды. «Мерекеде дастархан жайнап жатса, жыл бойы молшылыққа толы болады», деген пікір бар.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов ауыл тұрғындарына ізгі тілегін жеткізсе, шығармашылық ұжымдар музыкалық нөмірлерден қалыс қалған жоқ. Сондай-ақ мерекенің барлық қонақтары киіз үйлерге кіріп, онда қазақ халқының сәнімен ғана емес, өңіріміздің белгілі тарихи тұлғаларының өмірі мен қызметімен де таныса алды. Кішкентай бүлдіршіндер үшін Алтыбақан орнатылып, асық ойыны да ұйымдастырылды. Әсіресе, спортшылар арқан тартысқа қатысып, қол күштерімен сынасты, күштерін сынап қошқар көтере білді.
Мерекелік іс-шараға, көңілді сайыстарға аудан тұрғындары қатысып, би билеп, сүйікті әндерін шырқап, жылы лебіздерін білдірді. Праздник весны и обновления Наурыз отметили в райцентре района Беимбета Майлина