«Көктем аруы – 2024» аудандық байқауы.

«Көктем аруы – 2024» аудандық байқауы.

«Көктем аруы – 2024» аудандық байқауы.
15 наурызда аудандық мәдениет үйінде «Көктем аруы – 2024» атты ең әдемі әрі көктемгі байқау өтті. Негізгі қатысушылар ауылдық округтерден 13-18 жас аралығындағы қыз балалар болды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі, "Үміт 2050" Қоғамдық Қоры, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Байқау үш кезең бойынша өтті. «Визитка» атты бірінші кезеңінде қыздар өздері, хоббилері және отбасылары туралы әңгімеледі. Екінші шығармашылық сайыста көрермендер мен қазылар алқасы сан алуан нөмірлерді – би, ән, музыкалық аспапта ойнау, поэзияны тамашалады. Үшінші кезең «Дефиле» болды. Сахнадан ең жақсы киімдерін киген кішкентай арулар өтті.
Байқау қорытындысы шығарылып, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Көктемнің бас ханшайымы «Көктем аруы – 2024» атағын кішкентай және өте креативті қатысушы, Тобыл кентінің тұрғыны Аруна Дандыбай жеңіп алды.