Ежелден бүгінгі күнге дейін адамзатқа музыка әуені керемет әсер береді, көңіл-күйін көтереді. Домбыра - қазақ халқының жан серігі. Бұл аспаптың дыбыстары-жүректің, жанның үні. Домбыра-халықтың даналығы, оның өмірлік тәжірибесі, ішкі тыныштығы, туған табиғатының сұлулығы, Отанға деген сүйіспеншілігі. Қазақ халық аспабы ұрпақтар арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып табылатын ең керемет музыкалық шығармалар - күйлерді туғызады.
Қазақстанда шілде айының бірінші жексенбісі – ұлттық аспап – Домбыра күні болып бекітілген. Осы мереке қарсаңында, 27 маусым күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Домбыраның сиқырлы дыбыстары» атты тарихи медиа - саяхат іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты қонақтары – ауданымызға белгілі музыкант, домбырашы Айбек Балтабаев және Айбектің шәкірті Бахытжанов Темірлан болды. Ұстазы да, шәкірті де облыс, республика көлемінде өткен байқаулардың жеңімпаздары. Айбек жас ұстаз болса да, өскелең ұрпаққа ұлтымыздың аспабы – домбырада ойнауды насихаттап, кеңінен таратып жүрген өнерпаз.
Іс-шара барысында кітапхана жүйесінің басшысы Г. Асанова екі қонағымызға Алғыс хат және естелік сыйлық табыстады және де шығармашылық табыс тіледі. Кітапханашы Н. Корякина кітапхана қонақтарын белгілі композиторлар Тәттімбет, Құрманғазы, Дина Нүрпеисовалар туралы ақпарат беретін «Ұлттық мұра домбыра» / «Национальное наследие - домбра» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Іс-шараның соңында Айбек және Темірланның орындауында бірнеше тамаша күйлер орындалып, жиналғандарға керемет әсер берді. Домбыра үні әрдайым әр шаңырақтан естілсін деген тілектермен кездесуіміз өз мәресіне жетті.