Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

2023 жылдың 1 наурызынан бастап «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі базасында (https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/start) конкурстық іріктеуді өткізудің жаңа форматын пилоттық сынақтан өткізу басталды.

Пилоттық апробация 2023 жылғы 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерінде, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде жүргізіледі.

Жаңа формат мемлекеттік қызметке іріктеу процесіне барынша жеңілдетілген тәсілді көздейді. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың конкурстық іріктеуіне қатысқысы келетін азаматтар алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуді қоспағанда, барлық кезеңдерде тәулік бойы 24/7 жалпы конкурсқа қатыса алады.

  Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін екі есе қысқартылды.

Конкурстың іріктеу кезеңі - жеке қасиеттер мен үміткердің  мәтіндік және цифрлық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалауды, эссе жазуды (басшылық лауазымдар үшін міндетті), конкурстық комиссиямен әңгімелесуді қамтиды.

Тестілеу мен эссе жазу кезеңінде үміткердің тәртіпті сақтауын прокторинг қамтамасыз етеді.

Іріктеу кезеңдерінде ең төмен балл жинаған үміткерлерді жана жүйе автоматты түрде кезең-кезеңімен алып тастау арқылы  үздік 3 кандидатты пилоттық органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу кезеңіне жібереді.

«Е-қызмет» арқылы өтетін конкурстың жаңа рәсімі «адами фактордың» әсерін толығымен жояды.

Иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін жүйемен іріктеуден өту кезінде кандидаттарға сәйкестендіру нөмірі беріледі.

Нәтижесінде пилоттық жобада конкурс жеңімпазы барлық кезеңдердің қорытындылары бойынша Жүйемен автоматты түрде анықталады және конкурстық комиссияның шешіміне тәуелді болмайды.

Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың бос лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер үшін Департамент  негізінде (Қостанай қ. Қасымқанов к., 34, 507 кабинеті), ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Қостанай облысы бойынша филиалында (Қостанай қ., Байтурсынов к., 67, 224 кабинеті) интернетке кіру мүмкіндігі бар арнайы компьютерлер ерекшеленген, сонымен қатар Агенттік мемлекеттік қызметке уақытша іріктеу қағидалары аясында конкурсқа қатысу бойынша қадамдық жадынаманы әзірледі.

Бұл жадынамада конкурсты іріктеу және өткізу кезеңдерінің толық сипаттамасы, қатысуға арналған қадамдық нұсқаулық, үміткерлерге қойылатын талаптар, тестілеу бағдарламасы және басқа да пайдалы мәліметтер бар.

Толық ақпаратты: 393556, 391415 телефон номірлері арқылы алуға болады.