15 наурыз күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық бауырсаққа арналған іс-шара «Полиметалл» компаниясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды және "Варваринское"акционерлік қоғамы конкурстың бас серіктесі болды.
Аспаздық сайыстың салтанатты ашылуында қатысушыларды әкімнің орынбасары Марат Әлмағамбетов құттықтау сөздерімен ашты.
11 команда қатысқан аудандық байқаудың басты мақсаты - жастардың ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын ояту және аға буынның аспаздық тәжірибесіне құрметпен қарау, сондай-ақ көнеден келе жатқан бауырсақ жасаудың әдістерін насихаттау.
Сайысқа педагогтар, балабақша тәрбиешілері, мәдениет қызметкерлері белсенді қатысты. Байқауға командалар бауырсақтардың қандай түрлерін ұсынды десеңізші...! Сонымен қатар дайындау құпияларымен бөлісе білді, сондай-ақ тағамның көшпелі қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері туралы айтты. Оның құпиясы малдың майында пісірілген қамырдың бөліктері көгермей немесе тағамдық қасиеттерін жоғалтпай ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің аспаздық қабілеттерін ғана емес, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті. Қазылар алқасы құрамында мекеме басшылары, сондай-ақ "Варваринское"АҚ қызметкерлері мүшелеріне қойылған міндет оңай болған жоқ. Қазылар алқасының төрайымы Гаухар Асанованың айтуынша, комиссияның барлық мүшелері байқаудың барлық командаларын жеңімпаз деп есептеуге болатынын айтты. Барлық қатысушылар үлкен дайындықпен келгендіктен, жеңімпаздарды анықтау оңайға түскен жоқ. Қорытындылай келе, байқаудың 400 мың теңгелік бас жүлдесі аудан орталығының "Айгөлек" балабақшасының командасына бұйырды. Түрлі номинациялар бойынша бауырсақтарды дайындауда тапқырлық пен күш-жігер көрсеткен командалар да жүлделер мен грамоталармен марапатталды.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері «Нағыз ұйымшыл команда» номинациясы бойынша 50 мың теңге сертификат алды.