Аудандық мәдениет үйінде «Алтын микрофон – 2023» аудандық вокалдық байқауы өтті. Бұл облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі болатын. Шараны «Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Тобыл кенті, Май, Асенкритовка және Калинин ауылдық округтерінен әр жас топтары бойынша 9 жас әнші өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті.
Байқауға қатысушылардың репертуарлары әр түрлі болды. Байқауда қатысушылардың ана тілінде, ағылшын тілінде орындаған әндерін тыңдауға мүмкіндік болды. Барлық балалар екі жас санатына бөлінді. Әр номинация бойынша бір жүлде, сонымен қатар көрермендер тарапынан қосымша жүлде болды. Байқау қорытындысы бойынша 7 жастан 10 жасқа дейінгі жас санатында 1 орынды Тобыл кентінен келген Екатерина Кох иеленді. 11 мен 13 жас аралығындағы топта Май ауылынан Виолетта Ганкевич жеңімпаз атанды. Тобылдық Мақсұтқан Бекзада көрермен көзайымы сыйлығын алды. Қалған қатысушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды.